Билл Гейтс алтын балықты ұстап алса...


Александр Сергеевич Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы» ертегісін бәріміз оқып өстік. Сол ертегідегі балықшы кемпіріне алтын балықты ұстап алып, қоя бергенін айтады. Кемпірі жынданып «Еш болмаса бүтін корыто сұрамайсың ба?» деп ұрсады. Сол корытодан бастаған кемпірдің әуселесі кейіннен патша болуға дейін барып, айналадағысын танымай кетеді. Шалқайғаны соншалық, балықтың өзіне әмірімді жүргізем деген кезде, балықтың да төзімі таусылып, бұрынғы сүмірейген кедей қалпына қайтадан әкеліп қояды. О баста кемпірдің корыто сұрағанынан-ақ, оның түк көрмеген надан екендігін аңғарасың. Ал «түк көрмегендер» иен байлыққа қол жеткізсе де, сол баяғы түк көрмеген қасиеті өзгермейтіндігін және басқа да нәрсе айтқысы келген Пушкин атамыздың мысалы мен ақылы әдебиет шедеврінің қатарына кірді.
Енді бір сәт фантазияға ерік беріп көрсек, сол алтын балықты сіз ұстап алсаңыз не сұрар едіңіз? Әрине, өміріңізде неге қол жеткізе алмай жүрсіз, соны дереу сұрап үлгерер едіңіз. Мысалы, үй, көлік, қызмет, бизнес-жоба, шетелге саяхат, жағажай, бағалы бұйымдар, тағысын тағы.
Ал енді осы балықты онсыз да шіріген байлар ұстап алса не сұрар екен? Мәселен, яхтада қыдырып жүрген Билл Гейтс осындай балықты ұстап алса не сұрайды деп ойлайсыз? Ол әрине кедейшіліктен зардап шегіп жүрмегені белгілі. Дереу сенсация жасау үшін прессаны шақырар ма екен әлде ғаламның мен білмейтін құпия сырын ашып бер деп сұрар ма екен? Әлде ешкімге дабыра қылмай алтын балықты Американың құпия зерттеу лабороториясына атып ұра ма екен? Ең қызығы, осы балықты біздің байлар мен шенеуніктер ұстап алса ше? Не сұрар екен?
Сіз «Ал өзің не сұрар едің?» дегіңіз келіп тұр ма?
Мм, мен кәдімгі сол өмір сүруге не қажет, соны сұрайтынымды жасырмаймын. Енді, алтын балық келіп тұрса, бәрін орындап берем деп тұрса, неге сұрамасқа?!
Әрі қарай

Атақты адамдардың визиткалары

Визитка қазір қызмет құралы ретінде кеңінен танымал. Байланыс орнатуда, таныстықты бастауда да қажет дегендей. Ал, кейбір атақты адамдарды визиткалары мынадай екен:

Әрі қарай